Айдарлыда айдарбай – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Айдарлыда айдарбай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2175
Алғашында Айдарлы,
Тау екен бір айбарлы.
Сай тасындай сансыз қол,
Салды бір күн майданды.
Динамитпен бір атты,
Дүрсілдетіп құлатты.
Дүркірей тасы домалап,
Тау теңселіп тіл қатты.
Айбынды адам қол салды,
Тау тырп етпей қоршалды.
Жолбарыстай жотаның,
Жонын жарып жол салды.
Басында тұр Айдарбай,
Даңқын таудың жайғандай.
Осы өлкенің болатын,
Өлшеп, пішіп қойғандай.
Алуан металл тапқан соң,
Магниттің тауынан.
Табан тіреп Айдарбай
Айрылмай тұр жалынан.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері