Бұл бетте «Беу, жігіттер, құлақ сал!» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 26.11.2024
- 0
- 0
- 1065
Әйелді қанша аз сүйсең,
Соншама жеңіл ұнайсың.
А.С. Пушкин
Дананың сөзін ұғайық,
Беу, жігіттер, құлақ сал!
Жерінен айтқан шығайық,
Махаббат сонда тұрақтар.
Сүйгіштей берме күн-түні,
Жетпей ме кеш те табынар.
Жүрегінің дүрсілі
Жиілеп кетсе сағынар.
Жалына көрме орасан,
Пұл тосқан құлдай жүдә мас.
Бір сүйіп қана қоя сал,
Өзі де сонда шыдамас.
Ләззат алсаң ардақтап,
Аяма сөздің сарасын.
Сабырлы сөйле, салмақтап,
Сонымен құрмет табасың.
Сыйластық туын құлатпа,
Етпей-ақ әсіре жалыныш.
Аң аулап келші бір апта,
Қаулайды сонда сағыныш.
Бір түскен соң құрыққа
Асау ат та мінгізер.
Сұлудың сырын ұмытпа,
Бір сүйсең, қайта сүйгізер.
09.08.2000.
Бурабай
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі