Сөкпей өтем досымды – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сөкпей өтем досымды» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тарта-тарта шылымды
Құмарымды қандырдым.
Алсын ол да тынымды,
Бурабайда қалдырдым.
Тарттым Кремль төрінде,
Көк будаққа мұң артып.
Тарттым Ұлытау өрінде,
Жезкиікке құмартып.
Өзінде бір дәру бар,
Алға басар ісің де.
Қалды талай арулар
Көк түтіннің ішінде.
Қылмың қақса қыз-шабыт,
Шектім шылым ащысын.
Таттым қымбат пұл тауып,
Сигареттің тапшысын.
Біреу, мүмкін, сөгер де
Тастадың деп кешірек.
Білмеген жан сенер ме,
Қоштасып ем бес рет.
Тарттым ойлы ақ таңда,
Келсе мұңға салар күн.
Біреу шылым тартқанда,
Бәрін де еске алармын.
Өмір – кейде тың нәсіп,
Ащыны да татқызды.
Үйір болған сырласып,
Тәттіні де тапқызды.
Соғыс жылдар... тым ерте
Темекі оқыс қосылды.
Жан баураған мұң шерте
Сөкпей өтем досымды.

12.08.2000.
Бурабай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөкпей өтем досымды өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Сөкпей өтем досымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөкпей өтем досымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөкпей өтем досымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері