Қара өлеңмен жазылған романс – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қара өлеңмен жазылған романс» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кешіп өтсем дарияның кең өткелін,
Мен өткенде қасымда сен өтпедің.
Соның бәрі басылар кездескенде,
Ұмыт болар ұмытпай мезі еткенім.
Реніште құлдырап қамықпаймын,
Терең жатыр жан қинар анық қайғым.
Қинап-қинап соғады ақ қуаныш,
Айдын кезген ақ құстай қалықтаймын.
Қалықтаймын, күлемін аман қонып,
Шарықтаймын шаттыққа санам толып.
Қуаныш пен реніш алмаспаса,
Жүрер ме едік жер басып адам болып?
Көрінгені көктемдей жаз аяғы,
Сұлу екен дидарың бәз-баяғы.
Кездесейік тағы да, кездеспесек
Тіршіліктің қызығы азаяды.

1992


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері