Домнашы
Бұл бетте «Домнашы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жырлапты ақын ер ісін,
Жортып жалғыз сабылған.
Жолақ-жолақ терісін,
Жолбарыстың жамылған.
Жолбарысты мен бүгін,
Жыр етейін несіне.
Шын батырды көр бүгін,
Бар да магнит пешіне.
Алай-дүлей айнала,
Лапылдаған от-жалын,
Домнаның пеші долдана
Шашады қызыл шоқтарын.
Омырауы толы орденге,
Магнитпен бірге өскен.
Көрдім батыр сол жерде
Темірменен тілдескен.
1950
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі