Жер дөңгелек екен – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Жер дөңгелек екен» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сездің бе аңсағанды,
Көрдің бе шаршағанды?
Жарқабақ тауларды басып,
Тербелген теңізден асып,
Шөліркеп шөлдерден өтем,
Көкжиек белдерге жетем.
Сен көрінбей кеттің,
Жер дөңгелек екен...
Мен қалдым бер жағында,
Сен шардың ар жағында.
Саған таң ашық туды,
Маған күн батып тұрды.
Жер бетін өрлеген екем,
Жүрісім өнбеген екен.
Сен көрінбей кеттің,
Жер дөңгелек екен...
Салдың ба «басыма» кісен?
Ашынып, асыға түсем.
Лақтырған тасың болсам,
Бәрібір қасыңа түсем!
Дөңгелек дөңгелей берді,
Шарладым көрмеген жерді.
Сен көрінбей кеттің,
Жер дөңгелек екен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері