Не дер едің? – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Не дер едің?» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалың еді-а
у қамысы Қамсақтының,
Толғанамын жағасын аңсап бүгін.
Бір жасарып, ей, қалқа, қалар ма едім,
Бұла түндей, шіркін-ай, алсақ тыным?!
Аққу-қаздың саңқылы аулақтағы,
Қызыл шілік, құба тал қаулап бәрі.
Қызық еді-ау, шомылсақ өзенді өрлей,
Ақ мамықтай, көк толқын аунатқаны.
Арамыздың қарашы алшақтығын,
Сенен артық жалғанда аңсатты кім?!
Шыға келіп ну қамыс арасынан,
Не дер едің кездесіп қалсақ бүгін?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері