Мен неге мінезіңді теріс дейін? – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мен неге мінезіңді теріс дейін?» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен неге мінезіңді теріс дейін?
Боламын не айтсаң да тегіс бейім.
Сипатты сұлусың деп сүйіскенде,
Ұялып бас шайқасаң келіспеймін.
Ақ болсаң, сөге көрме ақ дегенді,
Өзгеріп кете алмайсың тап сен енді.
Өзім де көзім шалса шошып кетем
Шолпандай ұйқыдағы ақ денеңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері