Жер төресі – атамекен киелім – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Жер төресі – атамекен киелім» атты Кәкімбек Салықов жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жер төресі – атамекен киелім,
Жезқазғанды дәл өзіңдей сүйемін.
Ата-баба аруағы дарыған
Ұлытауға ұлындай бас иемін!
Аз тарихты әспеттеймін сөзге үйіп,
Шалғай кетсем, етті тағдыр көз күйік.
Өзіме де қан қақсатып оқ тиген,
Жүрек сырын елге жайса «Жезкиік».
Мәскеу жақта көптеу жүрген шақтарда,
Өлең өрдім ерте тұрып ақ таңда.
Сағынышты сәлемімді арнадым
Еділдетіп құстар елге қайтқанда.
Алыстардан есен жеттім еліме,
Дүбір қостым дербестіктің деміне.
Азаттықтың Мағжан мінез құлымын,
Шын інісі көрер қазақ мені де.
«Әй, кәпір» деп айта алмайды еш пенде,
Тіл табамын кейде сырттай өшпен де.
Соның бәрін айғақ етер өлеңім,
Шабыт селі көкірегімнен өшкенде.
Айтар сырым,
Осы ашық тілегім,
Үшке бөлмей, бір қазақта түледім.
Жүрегімнің лүпілінен естіңдер
Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің тілегін.

25.01.2012.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер төресі – атамекен киелім өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Жер төресі – атамекен киелім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер төресі – атамекен киелім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жер төресі – атамекен киелім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері