Жан сырына бөгет болмас еш жарлық
Бұл бетте «Жан сырына бөгет болмас еш жарлық» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жан сырына бөгет болмас еш жарлық,
Жүз жылғы ойран-топалаңға көз салдық.
Туған елім дербестікке қол созып,
Мағжан, Ахмет, Міржақыпты еске алдық.
Ұмытпадық Сұлтанбек пен Тұрарды,
Шәкәрімге ізет еттік тұмарлы.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет пен Жүсіпбек...
Аруақтарды жебеп шаттық құралды.
Жетпіс жаста Үкілі Ыбырай атылды,
Артта қалды «Гәккулері» татымды.
Зардап шекті сырын ашып аштықтың,
Зұлмат заман жойды арайлы ақылды.
Жау жағадан, ит етектен арсылдап
Алғанына шыдамассың жан сыздап.
Қырандары оққа ұшқанда қазақтың
Қарғалары төрге шықты қарқылдап.
1994
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі