Ішкі сыр
Бұл бетте «Ішкі сыр» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 22.12.2024
- 0
- 0
- 1273
Құдайдың бергені ме,
Бейсауат сөзге ермедім.
Кеншілік кең мінезден
Ешқашан өзгермедім.
Тірлікте мақтан етем
Манаштай қайсар жанды көз көргенін.
Құрдас боп керіспедік, қыр аспадық,
Ақымақ пен есерге бас құраспадық.
Табиғи сұрыптау бар деген ұғым,
Достасып, үлкен мәнін растадық.
Жан еді жалындаған оты қалың,
Сағынып, ойға батып отырамын.
Басында бейітінің жыр төгілтер,
Ұшырам жүректің ақ тотыларын.
2002
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі