Өлең, жыр, ақындар

Ауыл қызы шақырады сәлемі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көкейімде жүреді Абай әуені,
Неткен ғажап, неткен азап әдемі?!
Көптен бері көрмей жүрген, алыстан
Ауыл қызы шақырады сәлемі.
Мен «Көзімнің қарасына» басамын,
Көңілашар қауламайды жас ағын.
Балқып-толқып ұлы ұстаз әнімен,
Махаббаттың жабық сырын ашамын.
Шырқай берем сұрамай-ақ рұқсат,
Сәл баяулап алу да жоқ тыныстап.
Осындайда шыға келші алдымнан,
Екі беттен бір сүйейін дұрыстап.

04.09.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл қызы шақырады сәлемі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ауыл қызы шақырады сәлемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауыл қызы шақырады сәлемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл қызы шақырады сәлемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері