Барыңа сенің қуанам

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Періштем болып жебей гөр,
Үздіге жаздап жолықтым.
Жарасын жүрек тез емдер,
Абзалын көрсе көріктің.
Жасымнан ынтық теліттің,
Жан жетпес сұлу көріппін.
Тынықсын көзім, жандансын,
Кездестік туған өлкемде.
Аңсатқан асыл армансың,
Ұқсаған өрде желкенге.
Жағаға әрең жеткенде,
Жатырқау сені жоқ менде.
Балқытты лебіз, әуенің,
Жан құштар жылу себелеп,
Не деген нәзік, мәуелі үн,
Үзімі жанды жебемек.
Кереметтен де керемет
Алауға жүрек не демек?!
Аумаған балғын шынардан,
Саяңды самал құп алам.
Шыққандай сағым-мұнардан,
Рахатқа батып, жұбанам.
Әніңді естіп нұрланам,
Барыңа сенің қуанам!

2008.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барыңа сенің қуанам өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Барыңа сенің қуанам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Барыңа сенің қуанам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барыңа сенің қуанам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері