Махаббатым мәңгі жас
Бұл бетте «Махаббатым мәңгі жас» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 01.01.2025
- 0
- 0
- 1326
Дәл сенің көздеріңдей көз көрмедім,
Алланың алғысы екен кез келгенің.
Қанша жыл сол күндерден өтсе-дағы,
Қызғалдақ қыз күніңнен өзгермедің.
Қайырмасы:
Ерке назың жан сырлас,
Естен қалай тандырмас?
Саған деген өзгермес
Махаббатым мәңгі жас.
Киіктей ақ сағымда асқан қырдан,
Аш белің күндік жерден тамсандырған.
Арайы сәуле шашып атқан таңдай
Албырап, алабұртып шықшы алдымнан.
Қайырмасы.
Жан толқып нәр аламын лебіңнен,
Сен менің жаралдың ба тілегімнен?
Қызуы қыз күніңдей ыстық сезім
Жүрекке сәлем айтты жүрегіңнен.
Қайырмасы.
02.02.2005.
Астана
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі