Бақанас, Байқошқардың көп сабазы

Бұл бетте «Бақанас, Байқошқардың көп сабазы» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2015
  • 1
  • 1
  • 12315
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы,
Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып,
Ойда жоқ бидай менен шөптің азы.

Аңшылық – біраз күндік көңіл назы,
Мұныңа болар ма екен ақыл разы.
Көп ел жүр малын қойып, жанын тілеп,
Махшарда құрылғандай тас таразы.

Сендерге батпайды оның қайғы-назы,
Боп жүрсің, айдын көлдің қоңыр қазы.
Таусылып аздан кейін азықтары,
«Шығар,– деп зарлап жүрме,– қашан жазы?»

Аңшылық әуелінде қандай тәтті,
Еркіндік, кім жек көрер салтанатты.
Бұл күнде қоңлы тұғыр табылса да,
Аздан соң желдіктерсің жауыр атты.

Айтпаймын сөгейін деп азаматты,
Дей көрме: «мұны осы шал неге шатты».
Салынбай біржолата аң қуғанға,
Еңбек пен ескере жүр қанағатты.

Толғанып ақын айтар әрбір затты,
Сөзімнің іші жұмсақ, сырты қатты.
«Алпыс жыл аңшы болып алжыған шал,–
Дейсіңдер,– бізге айтады насихатты».

Ойласаң, біздің заман мұнан жат-ты,
Ол дәурен ойран болып, құмдай батты.
Жұмысы бұл уақыттың – адал еңбек,
Заманың көтермейді бұл саясатты.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері