Николай тихоновқа – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Николай тихоновқа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1813
Қан толқып, Нева, Волхов суларында,
Қоршауда Ленинград тұрғанында.
Окопта бірге болып жүретұғын,
Біздермен сенің солдат жырларың да.
Назия жататұғын сылдыр қағып,
Қелгендей қарт Невадан бір жыр алып
Тұрғандай болушы еді тыңдап соны,
Волховтың көк орманы бұйраланып.
Орыстың кең пейілді байтақ жанын,
Қалайша тіл жеткізіп айта алармын.
Алдында шабуылдың жадыма алып,
Өзіңнің жырларыңды қайталадым.
Батырлық қанып ішкен бұлағынан,
Қайратың көк құрыштай суарылған.
Жай күнде жас баладай жан екенсің,
Көргенде шықтым сені құмарымнан.
1951


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Николай тихоновқа өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Николай тихоновқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Николай тихоновқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Николай тихоновқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері