Памир – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Памир» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2125
Дүние сырын пайымдап,
Памир тұр әлем төбесі.
Басында қалған қайырлап,
Аса алмай бұлттар кемесі.
Күндеген оны күйініп,
Жел менен бұлттар қастасып,
Лақтырып желді үйіріп,
Тастаған бұлтты тасқа асып.
Тағы қыс Памир атанып,
Басынан көп жыл өткерді.
Бөктеріне апарып,
Қондырды тәжік көктемді.
Ел сыйын қайта ақтауды,
Өзіне Памир мұрат қып.
Көкала мұзды,
ақ қарды,
Ағызып жатыр бұлақ қып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Памир өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Памир өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Памир өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Памир өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері