Таңға тапсырма

Бұл бетте «Таңға тапсырма» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1772
Сағымды таң, самала таң, нұрлы таң,
Тыныштыққа қарауыл боп тұр бұтаң.
Боз сәулеге беті-қолым жуып ап,
Сұлулықтың мөлдірінен бір жұтам.
Жадағай таң, жалаңаш таң, жарық таң,
Жолдар салсаң – қара орманды жарып сал.
Таң жарығы... адымымен жарықтың,
Ойлар, ойлар, біраз жерге барып қал!
Таң сәулесін елден бұрын көл көрген,
Ол да маған бір құмарлық, шөл берген.
Түннен қалған ойларымның тозаңын
Таң самалы, жуып кетші кеудемнен!
Таң торғайы бұлбұл болып шырқасын,
Аскар таулар құлатпасын бір тасын.
О, нұрлы таң, сүйші, сүйші мен болып
Жер шарының әр биігін, қырқасын! –
Мен болып сен қарашы бір көкке де,
Мен болып сен гүлін иіске көктеме.
Тауларын да мен болып бір мақтан ет,
Сайларына мен болып бір өкпеле!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңға тапсырма өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Таңға тапсырма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңға тапсырма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңға тапсырма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері