Шөліркеген далама
Жаңбырлы бұлт болар ма ем,
Піскен кезде мол егін
Диқан болып орар ма ем.
Қайтқан құстар барады
Еділдетіп Оралмен,
Елге жетіп қалар ма ем,
Ере кетіп солармен.
Сағынғанда көрінер
Терезеден ауыл жақ,
Ол да қызық білгенге,
Ол да адамға тәуір шақ.
Самолеттер көктегі
Ұшса бұлтты бауырлап,
Ішінде мен жоқ болып,
Бара жатыр ауырлап.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі