Бұл бетте «Тимеші» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тиме бұлбұлға, еркімен сайрасын,
Тиме жұлдызға, ерекше жайнасын.
Тимеші екі ішек үндессе,
Сағыныш толқыны байлансын.
Тиме аққуға, үзбесін саңқылын,
Тиме қыранға, бұзбасын қарқынын.
Тимеші маған да тебіренсем,
Алсыншы аңсаған жан тыным.
Тиме елікке, жүрегі бекінсін,
Тиме киікке, түлегі жетілсін.
Тимеші маған да ән салсам,
Жүрегім бір мұңын кетірсін.
1979
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі