Шоқ қайыңның сыбыры – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шоқ қайыңның сыбыры» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ құбақан ақ қайың аппағын-ай,
Жерге күміс төгіп тұр, тасқа шырай.
Ақ інгеннің қасына шөккен нардай,
Көз ұшында Жалғызтау жатқанын-ай.
Ақ білектер жалғасып, біріктеліп,
Ақ балтырлар бұлқынып іріктеліп,
Шоқ қайың тұр көрші ауыл қыздарындай,
Сыбырласқан бірдеме біліп келіп.
– Қасыңдағы кім? – дейді секпіл қайың,
Тез өзгертіп тоқыған кетті жайым.
– Бізден артық жоқ екен ештеңесі, –
Деп біреуі күрсініп етті уайым.
– Ауыл қызы – аяулы қарындасым,
Көрші ауылда ағайын, бауырласым.
Қызылжарлық қазақтың қызын алдым,
Беу, құрбылар, бастарың ауырмасын!
Студенттік күндердің әсері еді,
Ол Мәскеуде бар қыздың әсемі еді.
Ақ қайыңдай, аумайды өздеріңнен, –
Дегенімде біреуі:
– Бәсе!.. – деді.

2010


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шоқ қайыңның сыбыры өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Шоқ қайыңның сыбыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шоқ қайыңның сыбыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шоқ қайыңның сыбыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері