Күзгі егіс
Бұл бетте «Күзгі егіс» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең далаға күз келген
Күрең тартқан дүз тегіс.
Ерек шығып өзгеден,
Көгереді күзгі егіс.
Күздігүні өзгерген,
Көгін көріп даланың.
Бейне адамдай сөз берген,
Жолдасыма қарадым.
— Бізде мәңгі көктемің,
Жауап осы сұраққа.
Өзі қолдан еккенін
Айтпады ол бірақ та,
Білем оның мінезін,
Айтпаса да түсінем.
Көргендеймін мен ізін,
Күзгі егістің ішінен.
1951
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі