Атағын берсін Ғабеңнің

Бұл бетте «Атағын берсін Ғабеңнің» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Оңдасын Әшімовке)

Ғабит аға тойында
Оңдасын бізді басқарды.
Динаға құрмет бойында,
Бұлжытқан жоқ жоспарды.
Бәйкеннің ұлы екені
Қимылында үдеп тұр.
Қызылжарда мекені,
Университетте ректор.
Алғыр ұл туар тектіден,
Өмірдің міндет артқаны.
Қуаныш осы деп білем
Әкеге бала тартқаны.
Көліктері күтімді,
Тайбурылдай шабысты.
Әр сөзі берік ұтымды,
Жібермес босқа намысты.
Сүйсініп достар үндемей,
Көтеріп жатыр көңілді.
Шыдамай кетті-ау тіл-көмей,
Алғысым жыр боп төгілді.
129
Зор тойды көрдік анықтап,
Жолбасшы болдың, Оңдасын.
Не дейін, даңқың шарықтап,
Жолыңды Тәңірім қолдасын!
Тәлімгер, ғалым қашанда
Үздігі болғай әлемнің.
Әкеңдей мығым бас алға,
Атағын берсін Ғабеңнің!

15.06.2002.
Ғабит Мүсірепов ауылы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атағын берсін Ғабеңнің өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Атағын берсін Ғабеңнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атағын берсін Ғабеңнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атағын берсін Ғабеңнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері