Ән-жұмбақ – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ән-жұмбақ» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Асқақ ән патшасын тыңдаттың,
Бір емес, бал-шәрбәт мың таттым.
Бал бұлақ кәусардан шөл қанды,
Ән-жұмақ орнаттың, сымбаттым,
Туар ма бұдан зор қымбат күн?!
Алдына Ай қонып өткендей,
Есінен танғандар көп мендей.
Ән-шуақ баурады, балқытты,
Жер-жаһан жаңарып кеткендей,
Жүректі жүрегің өпкендей.
Қай сұлу ән салар өзіңдей,
Шаттандым қайталап көп ілмей.
Асыл ән әкетіп барады,
Қыз бала тұтатқан сезімдей,
Бозбала босбелбеу кезімдей.

12.02.2001.
Алматы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері