Зейнолла Қабдоловтың құттықтауы
Бұл бетте «Зейнолла Қабдоловтың құттықтауы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ежелден өмір жолы беріктеген,
Достармыз, Тұрсынбек бар, Серікпенен.
Тұрсекең қарсыласын қылқындырса,
Сері ағаң ол қылыққа елікпеген.
Қалпынан Қирабаев өзгермеген,
Баспайды бөтен сөзге көз көрмеген.
Тік тұрған құба жартас граниттей,
Қай заман билесе де өзгермеген.
Ізгі арман талай міндет өтеліп жүр,
Жетерлік ойға тартар тетелік сыр.
Мінезі таудай ауыр Сері ағаңды
Әлия қалай ғана көтеріп жүр?
23.03.2002.
Алматы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі