Саған деген сағыныш

Бұл бетте «Саған деген сағыныш» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Астананың жаңа көше бойында,
Асыл бейнең жүрер бірге ойымда.
Есім кетер қыз-бозбала үйленген,
Сәукелелі жар-жар айтқан тойында.
Бірдей ме екен махаббатшыл қанымыз,
Егіз болып жаралды ма жанымыз?
Елеңдеймін жағасында Есілдің,
Шыдатпайды саған деген сағыныш.
«Бәйтеректің» бара қалсам түбіне,
Оранамын пәк сұлулық гүліне.
Сен деп қалып, тілдесуге ұмтылам
Таңғажайып арулардың біріне.
Айналайын, жаның нәзік балғын жан,
Қалқатайым, саған арнап салдым ән.
Күйіп-жанып кездесуге жеткенше,
Күлім қағып шыға келші алдымнан.

12.04. 2006.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған деген сағыныш өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Саған деген сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған деген сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған деген сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері