Бұл бетте «Жазғы сонет» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкшеде жүрсем тасып ән,
Өзен-көлге асығам.
Ат суарып алдым мен
Ақ бұлақтың басынан.
Шырайын ашты шатқал да,
Жайқалды қамыс, көк тал да.
Мылтығым да дәл тиді
Тал бойлап үйрек атқанда.
Бармаймын әсте дауға көп,
Қыз сыйлау – өшпес бойда әдет.
Сұлуға көкала үйректі
Байлап кеттім сауға деп.
Үйректі сілкіп құбылттым,
Ақ шашты мүлдем ұмыттым.
2006.
Астана
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі