Сәбиттің таулы шежіресі

Бұл бетте «Сәбиттің таулы шежіресі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түсіне білсек Сәбит деген биікті,
Туған елді ол ерекше сүйіпті.
Көкшетаудың төбесінен қараса,
Шежіре шертер қазақ жері сыйыпты.
Таумен жазған шежірені дәл түсінем,
Тани кетем әр тауды түр-түсінен.
Сәбең сөзін өлең етіп алып ем
Бала күнде «Жұмбақ жалау» ішінен:
«Көкшетауда сұлулық бар не түрлі,
Шалқар тауы жеткіншектей кекілді.
Сырымбет тұр сылқым сырық секілді,
Азатыма құтты әсемдік бекінді,
Жалғызтауым жалғыз ұлдай жетілді.
Бұқпа жатыр көл шетінде семіріп,
Имантау тұр екі иығы керіліп.
Қазығұрт жатыр басында кеме көрініп,
Ақан тауы тұла бойы серілік,
Зеренді тұр ғашық назға беріліп,
Оқжетпес тұр тастан текше өріліп.
Айыртаудың қос өркештей нұсқасы,
Торайғырым – Көкшетаудың тұстасы,
Ерейментау – ерке қиял ұстасы.
Қарқаралы – қыз алысқан құдасы,
Ақбет сұлу – махаббаттың мұрасы.
Ақтау – бірге жауға шапқан андасы,
Ортау – оның жаны жалғас қандасы,
Жекебатыр – ел қорғаудың таңбасы.
Ақшатауым – қойны қазына жетіліс,
Бектау ата – жау өтпейтін бекініс.
Ұлытауым – елдің ұлттық ордасы,
Қаратауым – азаттыққа жол басы.
Алатауым – елдің көркі салмақты,
Алтай ата – барлық тауға ардақты...»
Асыл аға!
Мен де тауға зершімін,
Кеткен де жоқ тектен-текке тер шығын.
Жас шағымнан құмар етсең тауларға,
Жезқазғандай ордасы бар кеншімін.

16.04.2002


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәбиттің таулы шежіресі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Сәбиттің таулы шежіресі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәбиттің таулы шежіресі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәбиттің таулы шежіресі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері