Есімін жылдар жасырмас – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Есімін жылдар жасырмас» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Сәкен Жүнісовке)

Көз жұмды өнер пырағы,
Қазақтың ғажап дүлдүлі.
Самғауық қыран құлады,
Бұлт жарған асқақ тынды үні.
Шаршы топ тұрар бас иіп,
Сол еді-ау жігіт озығы.
Заңғарға жетті ең биік,
Өзі ірі саңлақ, сөзі ірі.
Сағымнан шықты жалындап
«Жапандағы жалғыз үй».
«Ақан сері» ағындап,
Ел-жұрттан Сәкен алды сый.
Құлагер мұңын қозғаған,
Шұрқырап шықты құлындай.
Болса да Ақан өз бабам,
Жалғасты Сәкен ұлындай.
Сан қилы өнер тоғысты,
Сергітіп дала жарысы.
Таңдантты қазақ, орысты
Италияшыл әсем дауысы.
Тұлпар сол жайнар шапқанда,
Қай думан оны қарсы алмас?!
Абайдың әнін айтқанда
Алдына тірі жан салмас.
Таппады таныс бірауық,
Драмаға терең бойлады.
Сұм жалған ескен шырмауық
Шырмамай оны қоймады.
Өнерін көптен асырса,
Сері еді жанға бас ұрмас.
Қара жер көзден жасырса,
Есімін жылдар жасырмас.

21.04.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есімін жылдар жасырмас өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Есімін жылдар жасырмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есімін жылдар жасырмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есімін жылдар жасырмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері