Домбырамен сырласу
Бұл бетте «Домбырамен сырласу» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.01.2025
- 0
- 0
- 1196
Кел, домбыра, екеуміз
Сырласайық тағы да.
Тебірентер ме екенбіз
Күткендерді сағына?
Сыңар ішектеп қағытсам,
Қайтқан қаздай қаңқылда.
Тәтті күйді ағытсаң,
Ерермін баппен артыңда.
Біреулер жоғын сағынсын
Шымырлата шерткенде.
Жұқарған жүрек арылсын
Ащы-тұщы дерттен де.
Бір қуаныш, бір қайғы
Тыңдағанға әкелсін.
Кімге жұлдыз, кімге айды
Аспандағы әперсін.
Сүйсінем де шошынам,
Әуеніңе бой балқып,
Риза бол деп осыған
Тілдеседі күй қалқып.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі