Жастық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жастық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3048
Сырыңды ұғып сұлу терек,
Қалды ізің тас, құзда да.
Сенің бейнең тұр күлімдеп,
Жас жігіт пен жас қыздарда.
Кештің бәрін майдандардың,
Барып түстің сен окопқа.
Жалынменен бір ойнадың
Сонау жылдар Перокопта.
Жағаласта Отаныңның
Жауларына тасқын аттың.
Дауыл менен от жалынын
Көрдім сенен жас қуаттың.
Саған арнап жайып құлаш,
Жұпар исін шашты гүлдер.
Табиғатпен мәңгі құрдас
Жастық сенсің — жақсы күндер.
1952


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері