Өлең, жыр, ақындар

Заман ақындары

Мұң зарын заманының айта туған,
Әр ақын дәуірінен ой татырған.
Талант деген тартуы тәңірінің,
Ақын адам шықпайды,ой тақырдан.

Барлық ақын туады бір-ақ рет,
Солай ғой ақиқаты айт оқырман.
Жандарбек қайта тумас Әшімжаннан,
Жанарбек екі тумас айт ақыннан.

Ал Жамбыл дүниеден екі туып,
Еліне езуімен май татырған.
Тоғыз ай анасының құрсағында,
Құздағы жұмыртқадай шайқатылған.

Тоқсанға келген кезде толғатқызып,
Заманның құрсағынан қайта туған.
Мүсірепов Ғабит айтқан бұл пікірді,
Естідің демеңіздер қай пақырдан.

Аузынан шыққан сөзін жазып алды,
Қалмахан, Қайыр, Қасым, Ғалиядан.
Бір Алла екі ғұмыр тарту еткен,
Бір туар қасиетті қарияға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бердібек Соқпақбаев

  • 0
  • 0

Болмаған қазағына салқын қамы,
Ұлы ата, көтеріп тұр даңқыңды әлі.
Белгілі қиған жіптей өмірінде,
Жиған жүктей өнеге қалдырғаны.

Ұлан қайыр еңбегін енші қылды,
Бүгінгі ұрпақтарға артындағы.
Хан тәңірге қанатын шыңаған ұл,
Таңда туған шолпандай жарқылдады.
,
Он екі мың, қырық бес күн болыпты,
Тірліктен қатар дәмі таусылғалы,
Ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Сақтайды әр бір жүрек қалпында әлі.

100- жылдық Мерей тойы құтты болсын,
Қуанышқа ортақпын халқымдағы.
Албанның нанын жеген ұл болса да,
Алаштың қамын жеген нар тұлғалы!


Толық

Заман ағымы

  • 0
  • 0

Жастар жүр, өлім маған келмейді екен,
Өлім деген бір ағымда жүрмейді екен.
Заманымыз не боп барады қайран жұрттар,
Баяғы заман да еш келмейді екен.

Заманымыз не боп барады қайран жұрттар ,
Заманды еш түсінбейді кей бір ұлттар.
Қарғап , сілеп адамдарды не табамыз,
Ояныңдар, ояныңдар ей қазақтар.

Мейірімді анадан туған жанбыз,
Қатал мына заманда әркез бармыз.
Адам болып келген мына дүниеден,
Адам болып қайта өту, парызымыз!

Толық

Заман ақындары

  • 1
  • 1

Мұң зарын заманының айта туған,
Әр ақын дәуірінен ой татырған.
Талант деген тартуы тәңірінің,
Ақын адам шықпайды,ой тақырдан.

Барлық ақын туады бір-ақ рет,
Солай ғой ақиқаты айт оқырман.
Жандарбек қайта тумас Әшімжаннан,
Жанарбек екі тумас айт ақыннан.

Ал Жамбыл дүниеден екі туып,
Еліне езуімен май татырған.
Тоғыз ай анасының құрсағында,
Құздағы жұмыртқадай шайқатылған.

Тоқсанға келген кезде толғатқызып,
Заманның құрсағынан қайта туған.
Мүсірепов Ғабит айтқан бұл пікірді,
Естідің демеңіздер қай пақырдан.

Аузынан шыққан сөзін жазып алды,
Қалмахан, Қайыр, Қасым, Ғалиядан.
Бір Алла екі ғұмыр тарту еткен,
Бір туар қасиетті қарияға!

Толық

Қарап көріңіз