Бұл бетте «Анамның көзі» атты Диана Садырбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күнге де оны ұқсатам,
Айға да оны ұқсатам.
Олар бірақ аспанда
Қанат байлап ұшпасам.
Жұлдыздай оны көремін,
Шың құздай оны көремін.
Әйтеуір ана көздерін
Биікке ғана теңедім.
Анамның көзі жарығым,
Адаспас темірқазығым.
Анамның көзі арқылы
Өмірдің мәнін таныдым.
Анамның көзі бақытым,
Алтыннан қымбат жақұтым.
Жауаптымын мен оның
Бір тамшы аққан жасы үшін.
Жердегі айым тұрғанда,
Жердегі күнім тұрғанда.
Ананың көзі секілді
Мәңгілік сөнбес нұр бар ма?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі