Өлең, жыр, ақындар

Зұлым патша

Таққа келді алпауыт,
Айламенен жол тауып.
Қанішердей ұсқыны,
Қабағынан қар жауып.
Болмаған сон жақсы аты,
Өзгергенше мақсаты,
Әлемді билеп тұрғанды,
Өзімен ғана ұқсатты.
Патшалардың жолымен,
Құрылтайын құрумен,
Жорық күнін белгілеп,
Айдың жаңа толуымен.
Өзге елдің сұлтаны,
Аламунның хан тағы,
Хазид елінің кетпейтін,
Тарихында сор дағы.
Отанын билеп төстеуге,
Бергісі жоқ ездерге,
Ойда бірден жұлқынып,
Айдаһардай бұлқынып.
Ваджим атты қиранды,
Бұрын сәулет жиғанды,
Жетпіс мың қараша,
Айналасына сиғанды.
Аламунның жорығы,
Жетпіс түмен бұлығы,
Бос күйінде қаланы,
Алақанына қондырды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз