Әл-Амун бекінісі
Юлевик таулы қыратында,
Уақытша көш тұрағы сонда.
Тереңірек ену жоспарында,
Ақыры жоқ шөл алдында.
Ваджимде жеңіс тойланып,
Әскері кеткен айдалып.
Ендігі кезек Халл шөлін,
Бағындыруды ойға алып.
Жорық тауып жалғасын,
Жолға шыққан ертемен.
Халл шөлін озған соң,
Қарсы алмаған семсермен.
Шығыстан оңтүстікке,
Батыстан солтүстікке,
Қырық мың қосын
Найза түрген көкжиекке.
Аламун өзі қолбасы,
Аңдып жүрген олжасы —
Адам аяғы баспайтын
Әруақтардың даласы.
Тұманды алқап ол бүгін,
Елестетіп көріп түршігің.
Аламун ертіп өткен-ді,
Жетпіс түмен дүлдүлін.
Таңдана қарап далаға,
Кеңдігін ойлап тамсана,
Бекініс салу пәрменін
Қараға меңзеп жар сала,
Кірпішін қалап қыш тастан,
Жаһанға жар салмастан,
Әл-Амун деп ат қойып
Қамал соғып тынбастан,
Таралса да жыр-дастан,
Қаһарлығы құр дастан,
Бүлінген де, күл иген де
Мұнара жай шаң басқан.
Қаңыраса да бұл қамал,
Түнекте тулар өзі ажал,
Ұқсаттым-ақ құдды орын
Көне шаһар Хадданар.
Кербез
өзіңіз жаздыңыз ба? қызық екен, не туралы қысқаша ашып айтасыз ба?