Өлең, жыр, ақындар

Күймеймін

Арманында оның жүр ме талай хор қыздар,
Жүрегіне ұясын салған ба екен бұлбұлдар,
Алай-дүлей сәттерге ғашық сезім бағынып
Махаббатқа алданып жүр ме жалғыздар.

Күндерді ұзақ кім санап біліп жатыр,
Жолыққанша ол үмітін үзіп жатыр,
Сырласамын деп айнаға қараса кейде
Жүрегі дәрменсіз күйде үнсіз жатыр.

Әрекет етіп қыздардың көңілі үшін,
Жүрмей ме қол ұстасып көру үшін,
Сыпайы мінезбен іштен тынбай
Қыз тарапынан аянышты сезу үшін.

Қыздарды ойлап байғұс жүрек сыздаса,
Сәтсіздікпен сезімін ылғи шыңдаса,
Жаға бермей шақ қалған сөнуіне
Қалпына келмес енді қайтып сынбаса.

Жиырманың ортасына жасым жетті,
Балалық кеңпейілдіктің сәні кетті,
Жалғыздың заңы сондай болса
Даналықтың бір уыс дәні іспетті.

Бұл жүрек шынайы енді сүйе алмайды,
Өткенінен өзін жұлып бере алмайды,
Шырмалған үмітсіз ғана махаббаттың
Күйемін десе де отына күйе алмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз