Бұл бетте «Орман арасындағы егін» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.
07.02.2016
0
0
2533
Күн сәулесі жүгіріп,
Кезді алқапты қыдырып.
Ойнады орман үстінде
Шұғыла мың құбылып.
Барлап байтақ даланы
Күннің көзі қарады.
Орман, орман — ну орман
Ортада егін аралы.
Белдеуіндей оралған,
Күзетші боп көк орман,
Қорғапты егін даласын
Аңызақтан, бораннан.
1952
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі