Жалаң ой – Төлеген Назарбек

Бұл бетте «Жалаң ой» атты Төлеген Назарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Санамда бір жалаң ой араласқан,
Жанарымды жалынсыз тұман басқан .
Бір жығылсам алаңсыз отырамын,
Неге жүрмін тізерлеп тұра алмасам.

Бір ойланып қарасам жалын кешем,
Су себемін пайда жоқ мұң кешем.
Өзімді өзім алдаймын дегенменен,
Өмірімнің арқанын жалын кескен..

Бір адастым жығылдым жатып қалдым,
Шынынды айтсам керексіз қара жаным.
Ой үстінде қалықтап жүргенмін деймін,
Ал шынында жер асты табыттамын....

Мұң араласқан тұманды бар айналам,
Ойымды өзім ойланбай пайдаланам.
Еркін болып еріксіз жүргенімен,
Өзімді өзім оқшаулап байлап алғам...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері