Біржан сал ақын
- 0
- 0
Жігітке кедейшілік ол - сергелдең,
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп, құр аттанса,
Не керек дүниеден үміттенген.
Бұл бетте «Қазақ билері» атты Динара Тіней жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жігітке кедейшілік ол - сергелдең,
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп, құр аттанса,
Не керек дүниеден үміттенген.
Ар жақта керей, уақ, мәті - дәулен,
Сайланған жігіттікке бұл бір дәурен.
Ішінде осыншаның формың артық,
Жаратқан құдай артық, жалғыз сәулем.
Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.
Адам болса, көңліңде
Болмай қалмас бір арман.
Екі мұңды бас қосса,
Іштегі шерін шығарған.
Дүние, әттең әуре еттің мені,
Көп қудым әуре болып залым сені.
Бір күні санды соғып, «аһ» ұрамын,
Көшкен соң жігіттікің керуені.
Бека
Мә мынау өлен жолы күшті екен ұнаді