Ауылды аңсау
- 0
- 0
Сағынтты-ау, сайраны мол өткен күндер,
Сағымды керуен бел, көктем гүлдер.
Жаз жайлау айлы түнде, әудем жерде,
Ән салып алтыбақан тепкен күндер.
Бұл бетте «Ғашық болдым» атты Duman_Qordabai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынтты-ау, сайраны мол өткен күндер,
Сағымды керуен бел, көктем гүлдер.
Жаз жайлау айлы түнде, әудем жерде,
Ән салып алтыбақан тепкен күндер.
Бәрі де өмірімнің – өлеңімде,
Өрім де өрмелеген, төменім де.
Тұнығым, тұңғиығым, тереңім де,
Ту тігіп, дабыл қаққан белеңім де
Сар дала, сағым жортқан, құба белім,
Қия алмай мойынымды бұра бердім.
Кір жуып, кіндік қаны саған тамған,
Бабамның бабасының тұрағы едің.
Хабарлама
INFO
Қандай мағыналы өлен🎞️
Туй әдеми😍