Кітап – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Кітап» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  
Кітап маған үйретті көп білімді,
Кең дүниенің ашты небір сырларын.
Кітап қана көңілді етті өмірді,
Кітаптан мен мол қазына жинадым.

Кітаппенен сапар шектім әлемге,
Кітаппенен шештім талай жұмбақты.
Кітаптағы жазулардың астында,
Кіл бақытқа жетелейтін сыр жатты.

Қосып оқып сөздер менен сөйлемді,
Қиналмайтын жеттім бүгін жағдайға.
Қоғамдағы ең табысты адамдар,
Қалдырыпты тау-тау кітап артына.

Сонда жазған насихаттар арқылы,
Санамызға сіңіреміз сабақты.
Сабақ бізге береді көп өнеге,
Сан мың түрлі нұсқау беріп жан-жақты.

Кітаппенен дос болайық бәріміз,
Кітап кілті шын бақыт пен табыстың.
Кітап сені қалдырады тарихта,
Кітаптың тек жаза білсең тәуірін.

Гүлмекен Қасенбайқызы
01.04.2025


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітап өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Кітап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кітап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар