Қызғалдақ көктем – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қызғалдақ көктем» атты Cырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 5
  • 15355
Суретші екен бұл көктем,
Қойыпты көкті өрнектеп.
Қарсы алды оны құрметпен
Күн шуақтап, жер көктеп.
Құлпырды қырда желкілдеп,
Көктемнің гүлі өрімдей.
Шалқиды желі еркіндеп,
Келешек күннің лебіндей.
Советтік біздің осы елдің
Қуатты жастық шағындай.
Қызғалдық көктем, қош келдің,
Жарқырап жүзің жалындай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

Ақниет

керемет

Альбина

күшті

Қызғалдақ

Күшті

Қызғалдақ

Керемет. Тағы қандай өлеңдериңиз бар.

Асем

Менин пикирим кызгалдак деген өлең маған унады тағы кандай олендериниз бар?

Осы автордың басқа өлеңдері