Ұлылық – Құсайын Бекнұр

Бұл бетте «Ұлылық» атты Құсайын Бекнұр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

[Жұрт оянды. Арқасында Алаштықтың
Қалайды бостандықты талас қып кім?]

Айқындаған тарих өзі салмағын,
Сарапқа сап шындығы мен жалғанын.
Алаштықтар көк аспанға ту ғып ілген
Әр қазақтың өмір бойғы арманын.

"Ұлт көсемі - Әлиқан" деп қарасақ,
Бойында бар елдік, ерлік, парасат
Саясаткер, елдің адал көсемі -
Сол арқылы болашаққа жол ашад(ы)

Ұлт ұстазы - Ақымет те, Алаш деп
Жарық жаққан, қазір оған талас жоқ!
Алаштың үнсіз шамы, қазақ деді,
Тұрса да шыбын жүрек, жаны аш боп.

"Оян қазақ"
Шырылдаған Міржақып,
Қазір соның арқасында бұл - бақыт,
Міржақыптың қазақ дері анық қой
Бұл уақытты жіберсе де зулатып

Қазағымның ойлағасын жағдайын
Мағжан ақын адал болды әрдайым
Жасқа сенді, ұлтқа сенді, толса да
Жас жүрекке, қайғыменен сан-уайым

Алаш қазір - тарих емес, тірі рух
Кетпес ұлттың кеудесінен бұл үміт
Алаштың арқасында аманатты
Қазіргі кіл жастар да жүр ұғып!
Себебі, Алаш - ұлылық!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері