Адал жарға алғыс
Жарға алғыс
Менің жарым болғаныңа рақмет,
Мені таңдап алғаныңа рақмет!
Ауырғанда тамақ тасып күні-түн,
Маған қамқор болғаныңа рақмет!
Не сұрасам бәрін бердің рақмет,
Жеміс-жидек, тәтті әкелдің "жей ғой!"- деп.
Гуччиден де, версачиден қадірлі,
Сен сыйлаған шын көңілмен шыт көйлек.
Адал жар боп қалғаныңа рақмет,
Ұл-қызыңа үлгі болдың керемет.
Қарапайым, елеусіз-ақ қалпыңмен,
Жүрегімде орның сенің тым бөлек!
Өйткені сен - аяулы жар, әкесің,
Емханаға таситұғын бөпесін.
Ұл-қызыңды мойыныңа мінгізіп,
Жұбайыңды еркелетіп келесің.
Сен бар болсаң бақыттымын расында,
Асып-тасып, өркендей бер, жалында!
Қорықпаймын қиындықтан ешқандай,
Сен секілді жан бар кезде жанымда!
Иманыңа қарап сені таңдадым,
Адал құлы болғаннан соң Алланың.
Құбыласы ортақ болған серігім,
Өмір бойы бола берші имамым!
Гүлмекен Қасенбай
30.05.2025
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі