Сөйлеп еді жүрегім
Бұл бетте «Сөйлеп еді жүрегім» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлбұл қанат
Көк тоғайда,
Тұрдық қарап
Көктегі айға.
Көздеріңдей мөлдіреген
Қарақаттар төнді төмен.
Тұрдың үнсіз,
Тұрдың тілсіз,
Құшағында қиялдың.
Бала кезім,
Қара көзің
Қадалғанда ұялдым.
Айтылмай-ақ сөз де бітті,
Айрылатын кез де жетті.
Бала кезім,
Қара көзім,
Кінәладың, білемін.
Бірақ сонда,
Тіл орнына,
Сөйлеп еді
жүрегім.
1953
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі