Бұл бетте «Менің арманым» атты Марқамұрат Мақпал Жақыпқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арманым бар — айға жетер асқақ ән,
Жүрегімде жанған үміт жас талант.
Болсам деймін шыншыл, батыл журналист,
Шындық үшін сөйлейтін әр сәтте мен.
Қазақстан — Отаным, мақтанышым,
Халқымның үнін жеткізсем бақ қылышым.
Халық сөзі — менің басты тақырыбым,
Әрбір жанның болсам деймін жақын үні.
Ауылым — менің алтын бесігім ғой,
Сол ауылда туып өстім несібем той.
Көп балалы шаңырақтың үмітімін,
Арман қуып, алға басам — сертім сол ғой.
Тілші болсам — тек әділдік іздеген,
Ел тағдырын айтсам деймін жүздеген.
Қаламыммен күресемін шындық үшін,
Келешекте боламын деп сендім мен!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі