Сенсіз өмірім – Дарменбай Зейнеп

Бұл бетте «Сенсіз өмірім» атты Дарменбай Зейнеп жазған өмір туралы өлең берілген.

Көңіл шіркін сені әр-кез қалайды,
Нұрлы-жүзің,сұлу бейнең,көркіңе көз тоймайды.
Өзгелердің саған қарап жымиғаны,
Жан жүректің,бір қызғаныш сезімін булайды.

Жүрек шіркін сені сүйем деп тулайды,
Сенсіз күнім қараңғылықты қуалайды.
Бәлкім бірге болуды қаламассың,
Бірақ мендік көңіл сені ғана қалайды.

Босай қалсам терең ойға батамын,
Сондағы ой “Неге сенің сүйген жаның мен емес?”
Әттең бұл сұрақтың жауабы жоқ,
Ал сенен сұрауға менде оған жетер батыл жоқ)

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Дарменбай Зейнеп 


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері