Ұмыту қиын, білемін

Бұл бетте «Ұмыту қиын, білемін» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұмыту қиын, білемін,
Санамда сансыз естелік.
Бақытқа толы сәттер бар,
Оларды енді не істедік?!

Келмей ме әсте өшіргің,
Менің де бәрі жадымда.
Бір күні, мүмкін, айналар,
Сағымға, бәрі сағымға.

Сабырға көнер ет жүрек,
Өмірдің өзі бірер сын.
Ұйқымды менің мың бөліп,
Түсіме, бәлкім, кірерсің.

Көңілге түйдік бос арман,
Қиялдан жасап тас қамал.
Алайық түсті мекендеп,
Таппасақ енді басқа амал.

Ұмытып сен де көр мені,
Өзінен мұңның тап жігер.
Жаныңды жесе сағыныш,
Жай ғана маған хат жібер.
Айгүл Қадыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмыту қиын, білемін өлеңінің авторы кім?

Айгүл Қадыр — осы өлеңнің авторы.

Ұмыту қиын, білемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмыту қиын, білемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айгүл Қадыр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмыту қиын, білемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер