Сен жайлы – Айгүл Қадыр

Бұл бетте «Сен жайлы» атты Айгүл Қадыр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

- Ұйқысы тыныш па, жайлы ма?
Таңдардан сұрадым сен жайлы.
Көз ілмей, түнімен дөңбекшіп,
Шекпеген шығар деп сәл қайғы.

Түнге де жолдадым сауалды,
- Түсіне кірдім бе тағы да?
Өңінде ойынан шықпаушы ем,
Білмеймін соры ма, бағы ма?

Күннен де сұрадым бір дерек,
- Жақсы ма, жағдайы, жұмысы?
Сәтімен, қалыпты соқты ма,
Жүрегі, өмірлік тынысы?

Кештен де бір хабар іздедім,
Күнімен шаршамай жүрді ме?
Өтірік, болмашы жымиып,
Немесе шынайы күлді ме?

Бұл сезім маған да, сырмінез,
Жаулаған бойымды, санамды.
Білгейсің,
Сен жайлы бәріне-бәріне,
Менің де көңілім алаң-ды.
Айгүл Әбдіқадырқызы Анашбекова


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар