Бір бидай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бір бидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1492
Көңілім сүйген таңдаулы бір бидайым,
Шырқап әнге салайын келсе ыңғайым-ай.

Қайырмасы:
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!

Тудың бөлек анаңнан сонша жақсы,
Ойпан жерге сен біткен жаңа қайың.

Қайырмасы:
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!

Мен өлеңге салғанда тыңдарлықтай,
Ықыласпен бір бидай, бар ма жайың?

Қайырмасы:
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!

Көңіл қойып тыңдасаң өлеңімді,
Түрлендіріп ағызам әннің майын.

Қайырмасы:
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері